Еліміз бойынша тексеру комиссияларының практикасында сирек кездесетін іс Қызылорда облысында қаралған – Kyzylorda News
Басты бет

Еліміз бойынша тексеру комиссияларының практикасында сирек кездесетін іс Қызылорда облысында қаралған

19.12.2019, 10:40

432 0

Kyzylorda-news.kz. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары: Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шараларының бірі барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар шығарады.

Мемлекеттік аудит объектілері өтініш негізінде қолданыстағы Заңнамаларға сәйкес нұсқамалар тармақтарының орындалу мерзімін аудиторлық іс-шаралардың негізінде сот тәртібімен қарау және (немесе) қылмыстық іс жүргізіліп жатса немесе аудит объектісіне байланысты емес өзге де негіздерді қоспағанда екі реттен көп емес ұзартуға жол беріледі. Аудит объектісі орындау мерзімі бұрын екі рет ұзартылған тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту туралы ұсыныс енгізген кезде, орындалу мерзімін қайта ұзарту уақтылы орындалмаған ретінде есептеледі және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Кодексінің 462 бабының 3,4-бөліктерімен әкімшілік іс қозғалады.

 «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы»Заңының 37 бабының 2-тармағы 6) тармақшасының талабын бұзылып, Нұсқамалар талаптары орындалмағаны үшін, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені үшін лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сот органдарына қарау үшін жолдануда.

Сот қаулысымен мемлекеттік аудит объектісінің басшысының кінәсі дәлелденіп, оған әкімшілік айыппұл салынуда.  

Айта кетететін мәселе, 2019 жылы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 4-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, лауазымды тұлға сот қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл, Қызылорда облысы аумағындағы сот практикасында ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 4-бөлігі бойынша қаралған алғашқы әкімішілік іс болып танылады, сондай-ақ Республика бойынша да тексеру комиссияларының практикасында сирек кездеседі.

Нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3, 4-бөліктерінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған болып табылатыны жөнінде назарға салынады.

Қызылорда облысы бойынша

тексеру комиссиясының

құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

0

Пікір қалдыру