maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев еңбек ардагері, «Еңбек даңқы» орденінің иегері Бексұлу Синаева және мәдениет саласының ардагері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Сырдария ауданның «Құрметті азаматы» Бақтиярова Алмагул Сайранқызының 75  жылдық  мерейтойы қарсаңында құттықтады.

Мерейтойлық қабылдау барысында аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы өнегелі өмір иелерінің жүріп өткен жолы, атқарған еңбектері көпшілікке үлгі екенін айтып, игі тілектерін білдірді. Сонымен бірге, қос мерейтой иесіне аудан жұртшылығы атынан қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жауып, құттықтау хат табыс етті.

Шара  барысында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәменов Өмірбек Мөрәліұлы мерейтой иелерін құттықтап, «Қызылорда облысының Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапаттады. 

Сонымен қатар, мерейтой иелерінің замандастары аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Келдібаев Мұса Алпысбайұлы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жаналиева Ұлмекен Шанайқызы және аудандық мәслихат хатшысы Әжікенов Ержан Ертарғынұлы сөз сөйлеп, ғибратқа толы ғұмыр иелеріне құрмет көрсетті.

Бексұлу Синаева жастайынан еңбекпен біте қайнасып  еңбек жолын колхозда жұмысшы болудан бастап, одан әрі  күріш егумен айналысты. Табанды еңбегінің арқасында  1972 жылы өз алдына звено жетекшісі болды. Алға жетелеген  мақсат, тынымсыз еңбегімен, көпке үлгі бола білді. Еңбегі еленіп Бексұлу апа  1980-1985 жылдар аралығында Х-шы,  1985-1990 жылдар аралығында ХI-ші шақырылған Қаз ССр жоғарғы советіне депудат болып сайланды. Депутат болған 10 жыл ішінде аудан экономикасы мен мәдениетін өркендеуіне үлкен үлес қосты. Туған жеріне, еліне қалтқысыз адал қызмет ете жүріп 1980 жылы III-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. 

Алмагүл Сайранқызы ауданның мәдениет саласының дамуына айрықша үлес қосты.  

Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген. 1973 жылы Қызылөзек ауылдық Советі атқару комитетінің председателі, 1984 жылы Тереңөзек аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1987 жылы аудандық Советі атқару комитетінің секретары, 1988 жылы аудандық сақтандыру инспекциясының бастығы, 1997-2016 ж. Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін абыроймен атқарған.

Абыройлы қызмет атқара жүріп, Қазақстан Компартиясының XIV съезіне делегат болған. «Ерен еңбегі үшін» медальімен, облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің шешімімен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Партияның сайлауалды штабын басқара жүріп жақсы атқарған жұмыстары үшін «Белсенді қызметі үшін» медалімен, бірнеше мәрте ҚР Президентінің «Алғыс хатын» иеленген.

312802187_1234987530397470_7820701564506038329_n.jpg
311720420_1234991207063769_4878720352031085831_n.jpg

Тағы да оқыңыз: