Kyzylorda-news.kz  Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі отырысында президентіміз бірлік, жасампаздық, өрлеу секілді еліміздің дамуы үшін маңызды бағыттар туралы сөз қозғады. Мемлекетімізді ілгерлету жолында жаңа белестерге жету үшін ұлттық ортақ мақсаттар мен құндылықтар төңірегінде топтастыру қажеттігін атап өтті.

Президент өз сөзінде, –"Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазіргі сын сағатта ауыр сынақты енсеру және алдағы күтіп тұрған реформаларды жүзеге асыру үшін ең бірінші жұрт болып жұмылып, ынтымақтастықта ортақ отанымыздың жарқын болашағын жасауға барлығымыз ат салысуымыз керек. Қазақстанның өркендеуі мен тұрақты дамуында әрбір азаматтың бірлескен күш-жігерінің маңызы зор.

Елена Рыбина,

Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы.

Тағы да оқыңыз: