Kyzylorda-news.kz. Электронды темекі шегу, әсіресе, жастардың арасында күннен-күнге сәнге айналуда. Өйткені, электронды темекілер кәдімгі шылымға қарағанда зияны аз деп насихатталады. Шынында олай емес екенін зерттеулер дәлелдеді, себебі электронды темекінің кәдімгі темекіден зияны артық болмаса кем емес. Сондай-ақ, әсем безендірілген кішкентай құтыға, қорапшаға толтырылған бұл өнімдер әлдебір инновация, сәнді тауар ретінде ұсынылады. Нәтижесінде, жастар заманауи гаджет ретінде танып, сатып алып жатады. Зерттеушілердің айтуынша, жасөспірімдер, көбінесе, оның тәтті дәмі мен хош иісін ұнатып, кейіннен психологиялық тәуелділіктері оянып, оны бірден тастауы қиындай түсетін көрінеді. Алайда, қызығушылықтың арты үлкен қиындықтар әкелетінін бірі білсе, бірі біле бермейді.

Әрине, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» демекші, өскелең ұрпағымыздың сау, әрі қуатты болуы еліміз үшін үлкен қуаныш. Осы орайда, Қармақшы ауданында мектеп оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өткізіліп, әр адамның денсаулығы өз қолында, оны ерте жастан сақтай білуді айта келе, темекі мен есірткінің адам ағзасына тигізер кері әсерін видео көрсетілімдері арқылы жеткізе білді.

Тәрбие сағатының мақсаты темекі мен есірткінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. Шара барысында медбике А.Бержанова оқушыларға темекі мен есірткінің зияны туралы түсіндірді.
 

10.jpg

Тағы да оқыңыз: