Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 457,5 шақырым, электр жүйелерінің орташа тозу деңгейі 45,2 пайызды құрайды.

Өткен жылы демеушілердің қолдауымен аудан бойынша 5 елді мекенінің электр желілері қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттің нақтылауына ұсынылған болатын.

Оның биылғы жылы Ақсу, Қаракеткен елді мекендерінің электр желілері қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 270,3 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобалар іске асырылған жағдайда аудан бойынша электр желілерінің тозу деңгейі 45,2 пайыздан 32,9 пайызға дейін төмендеуі күтілуде.

Сондай-ақ, Мырзабай ахун , Т.Жүргенов, Есет батыр елді мекендерінің электр желілері қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 915,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінімдер ұсынылды.

Сонымен қатар, «Ақтерек» учаскесінен подстанция құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 18,1 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: