Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиевтың жұмыс сапары Аққұм және Ақсу ауылдық округтерінде жалғасты. Сапар барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Кездесуде ауылдарда алдағы кезеңде жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалар таныстырылып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Көтерілген мәселелер бойынша алдағы атқарылатын жұмыстардың бағыттары айқындалды.

Сонымен қатар, ауылдардағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі зерделеніп, олардың алдағы жылу маусымына дайындығы тексерілді. Нысандардың инженерлік жүйелері, жылу қазандықтары мен қажетті отын қорының әзірлігіне назар аударылды.

Ауылдардағы өзекті мәселелер бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу, қаржыландыру көздерін айқындау және жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде бастау жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Тұрғындар көтерген ұсыныстар алдағы жұмыс жоспарына енгізіліп, олардың орындалу барысы бақылауда болады.

FB_IMG_1790306503396.jpg

Тағы да оқыңыз: