Kyzylorda-news.kz. «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспанасы өртке оранып, үйсіз қалған Орынкүл апаның үйі қалпына келтірілді.

Қыс қаһарына мінген шақта тілсіз жаудың кесірінен бір күнде жылы панасынан айырылған кейуана жанұясымен бір апта ызғарлы үйде түнеп келген. Мұны естіген ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігі жалғыз басты анаға көмекке келіп, қиындыққа душар болған мұсылман бауырына демеу бола білді.

Өкілдіктің ұйытқы болуымен мешіт жамағатынан құралған ерікті азаматтар небәрі 10 күн ішінде шатырын жабу, жаңадан есік терезелер орнату, еденін жүргізу, іші-сыртын сылау секілді жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп, үй иелеріне қуаныш сыйлады.

Қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталған соң, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Орынкүл апаны құттықтау үшін арнайы барып, кілем тарту етті.
Қуаныш иесі өз кезегінде, қиналған сәтте қасынан табылған дін қызметкерлері мен жанашыр жамағатқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын жаудырды.

Тағы да оқыңыз: