Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның «Зекет» қайырымдылық қоры Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі пәтерге» әлеуметтік жобасы аясында республика бойынша №191-нші пәтер кілті қармақшылық жалғызбасты анаға бұйырды.

Игі шараға қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы өкілі О.Жидебаев жиылған жұртшылықты келе жатқан ұлық мереке – Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа пәтердің кілтін көпбалалы анаға табыстады.

ҚМДБ-ға 30 жыл толуына орай, «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» ұранымен ұйымдастырылған сауапты шара қайырымдылық акциясына ұласты.

Акцияда Бас имам Б.Абуов жиылғандарға елдегі ахуалға байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, тазалық талаптарын сақтауға шақырды. Соңында аудандағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған мұқтаж отбасыларға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік қапшығын үлестірді.

Бас имамның Қармақшы ауданына жасаған сапары одан әрі Төретам кентіндегі жаңа мешіттің құрылысымен танысуға жалғасты.

Тағы да оқыңыз: