Kyzylorda-news.kz.  Спорт - полицейлердің кәсіби қызметінің маңызды бөлігі. Ол ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттерін табысты орындауға және жұмысқа жоғары қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді. Осыны ескере отырып, Қызылорда облысы Полиция департаментімен дене шынықтыру және спортқа ерекше көңіл бөлінеді. 

Бүгінгі күні Қызылорда облысының Полиция департаментінде спорттық түрлі дәрежелері бар 126 қызметкер еңбек етеді. Олардың ішінде 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері және спорт шеберіне үміткер 106   қызметкер бар. Қызметімен қатар спорттыкәсіби деңгейде алып жүрген полицейлердің әрқайсысы құрметке лайық. 

Осы орайда бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде салтанатты іс – шара өтті.  Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы  полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлының бастамасын өткен салтанатты шарада үздік атанған мықты спортшы полицейлер марапат төрінен көрінді. Департамент бастығы ел намысын қорғап, көк туымызды көкке көтерген спортшылармен кездесіп, сый-құрмет көрсетті. 

2023 жыл – спорт саласында біз үшін үлкен жетістіктерге қол жеткізген нәтижелі жыл болды. Қандай спорт түрі болмасын халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың қатары өз арамызда да аз емес. Жалпы біздің қатарымызда түрлі спорттық дәрежелері бар 126 қызметкер еңбек етеді.  
Бүгінгі күні  Полиция департаменті және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының Қызылорда облыстық филиалытарапынан спортшыларымыздың жоғарғы спорттық шеберліктерін шыңдауға барлық жағдайлар жасалған. Қызмет пен спортты қатар алып жүрген әріптестеріміз қандай да болмасын марапатқа лайық және қызметке жаңадан қабылданып жатқан жас мамандарымызға үлгі болуы қажет. 
Бұл чемпиондарымызға алдағы уақытта да үлкен жетістіктер, төзімділік пен жеңіске деген ерік – жігер тілеймін!  
Жаңа жыл қарсаңында отбасыларыңызға ырыс – несібе, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге абырой, толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!», деп, лебізін білдірді Департамент бастығы.

Салтанатты шара барысында Департамент бастығы әлемдік және республикалық ареналарда еліміздің және полицияның намысын қорғап, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, көк туымызды көтеріп, әнұранымызды ойнатқан спортшыларды арнайы атап өтті. 

Олардыңқатарында самбо күресі бойынша Әлем және Азия чемпионы полиция капитаны Ержан Абдуллаев, самбодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы полиция аға лейтенанты Арайлым Оразбай, грепплингтен және самбо күресінен Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері полиция аға лейтенанты Ғайни Нұрмахан, жекпе-жектен Әлем және Азия чемпионы полиция аға лейтенанты Асқар Қоңқабаев пен  полиция аға лейтенанты Нұршат Аманқосов, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы,  әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы полиция аға лейтенанты Нұрбол Сқақов, жекпе-жектен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қоян-қолтық ұрыстан  Еуропа чемпионы полиция аға лейтенанты Алтынбек Тұрмаханов, Орал қаласында республикалық деңгейде өткен «Президенттік көп сайыс» чемпионатында 1 орын иеленген Жақапбаев Абзал бар. 

Сондай – ақ, Қызылорда қаласында «Жауынгерлік атудан» өткен Республика чемпионатында жүлделі 2 орын алған Исатай Абылайхан және осы чемпионатта жүлделі 3 орын алған Даврушов Руслан мен  Мажитова Дариғаны ерекше атап өтті. 

Спортшылардың құрметіне ұйымдастырылған салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Әсем ән, күмбірлеген күй орындалып, көрерменді ерекше әсерге бөледі. 

Жеңіс тұғырынан көрінген полицейлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Бұған қоса, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Миралиев Қуандық үздік спортшыларға арнайы естелік сыйлықтарын ұсынды.   

0V4A5980.JPG

 

0V4A5993.JPG

 

Тағы да оқыңыз: