Kyzylorda-news.kz Бүгін «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов қатысып, бірқатар азаматқа облыс әкімінің арнайы «Алғыс хатын» табыстады.

Іс-шара барысында басқарма басшысы жауапты кезеңде ұйымшылдық пен жоғары кәсібилік танытқан мамандардың еңбегін атап өтті.

Ел мүддесі жолындағы еңбек еленді 2.jpg

– Бұл науқан азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласуына, азаматтық ұстанымын танытуына мүмкіндік берді. Осы кезеңде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, тұрғындарға қажетті ақпаратты уақытылы жеткізуде мемлекеттік органдармен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтық қоғам институттарының, сарапшылар мен белсенді азаматтардың еңбегі айрықша болды. Сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, - деді Руслан Мұхамедәліұлы.

Алдымен өңірдің ақпараттық кеңістігінде кәсіби әрі жүйелі жұмыс жүргізіп, қоғамдық маңызы бар шараларды сапалы ақпараттандыруға үлес қосқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды.Сонымен қатар, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері мен оған қарасты мекемелерінің мамандарына да құрмет көрсетілді.

Іс-шара соңында басқарма басшысы марапат иелеріне алғысын білдіріп, өңірдің қоғамдық-саяси дамуына бағытталған жұмыстардың алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Ел мүддесі жолындағы еңбек еленді 3.jpg

Тағы да оқыңыз: