«Ел ішіндегі құндылық» деген жаңа ұғым енгізіледі – заң жобасы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«Ел ішіндегі құндылық» деген жаңа ұғым енгізіледі – заң жобасы

05.02.2021, 17:40

708 0

Kyzylorda-news.kz. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасында «Ел ішіндегі құндылық» деген жаңа ұғым енгізіледі. Бұл туралы Мәжілісте аталған заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» негізгі заң жобасының 3-бөлімі отандық өнеркәсіптік өнімді өткізу нарықтарында ілгерілетуге жәрдемдесуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үшін, ең алдымен, шетелдегі мекемелеріміздің, кәсіпорындарымыздың қолдауы арқылы экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдауға көңіл бөлу ұсынылады. Бұл ретте қолдау шаралары қосылған құнның жаһандық тізбегіне енуі мүмкін кәсіпорындарды құруға және олардың қызметіне бағдарланады», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, көрсетілген жайттармен қатар, мемлекет сыртқы нарықтағы кедергілерді жою мәселелерінде экспорттаушыларға жәрдем көрсетуі тиіс.

«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты биылдан бастап жергілікті қамту институтынан бас тартуымыз керек. Осыған байланысты заң жобасында «Ел ішіндегі құндылық» деген жаңа ұғым енгізіледі. Жобаның бірқатар нормалары сатып алуларда ұлттық стандарттарды қолдануды мониторингтеу арқылы ұлттық экономиканың өзіндік жеткіліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу бағыты бойынша жүргізіледі. Бөлімнің барлық көрсетілген бағыттары Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, іске асырылатынын атап өткен жөн», – деді Аманияз Ержанов.

«Заң жобасындағы төртінші бөлім мынадай бағыттар бойынша отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін реттеуге бағытталған: еңбек өнімділігін арттыру, инвестициялар тарту, индустрияландыру картасы, шикізатты өңдеуді тереңдету», – деді ол.

0

Пікір қалдыру