Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Бұқарбай батыр ауылындағы көше жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Ауылдағы 11 көшені жөндеу жобасы аясында 2024 жылы республикалық бюджеттен 50,0 млн теңге бөлініп, аталған қаражатқа 2 көшеге асфальт төселді.

Жоба 2025 жылға өтпелі. Биыл жобаны толық аяқтау мақсатында республикалық бюджеттен – 294,4 млн теңге, аудандық бюджеттен – 15,0 млн теңге қаржы қаралды.

Қазіргі уақытта «Қыран» ЖШС мердігер мекеме арқылы құм аралас тас төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғаса беретін болады. Бұл халық игілігі үшін жасалып жатқан іс. Сондықтан әр жұмыс сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс», – деді Ардақ Ибраимов.

Аудан әкімі жобаның орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстайтынын айтып, жауапты сала басшыларына, ауылдық округ әкіміне және мердігерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары барысында қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын және жоба уақытында аяқталып, ел игілігіне берілуін тапсырды.

Тағы да оқыңыз: