Kyzylorda-news.kz Қазақстанда болып жатқан су тасқыны – табиғаттың өзгеруімен тікелей байланысты. Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан құбылыс. Мысалға  Сауд Арабиясында, Қытайда бұрын-сонды болмаған бұршақ жауып, қар түсті. Еуропа елдерінде де АҚШ-та да су тасқыны болып, табиғи катаклизмдер жиілеуде. 

Күннің күрт жылынуы мен құрғақшылыққа әкелетін аптап ыстық осымен де байланысты. Сондай-ақ, өткен күзде еліміздің солтүстік, батыс, шығыс аймақтарында жаңбыр көп жауған. Осыған байланысы топырақтағы ылғал сіңіп үлгермеген. Еліміздің солтүстк аймақтарында жердің беті  2,5 метрге дейін қатқан. Салдарынан еріген қар суы жерге сіңбей, жердің бетімен кетіп жатыр. Бұл табиғи апат. Тосыннан келген табиғи апатты тоқтатуға барлығымыз бірдей атсалыссақ, бұл күндер де артта қалар, уайымымыз жоғалар. Бастысы - адамдарымыз аман болсын. Қалғаны орнына келер. 

Сондай-ақ, ел басында отырған азаматтарымыз барлығын бақылауда ұстап отыр және суға кеткен үйлердің шығынын өтеп беруге жұмыстар жасайтынын мәлімдеді. Арнайы комиссия құрылды. Ендігі жерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлігімізді көрсетуіміз керек. Сонда ғана барлық қиындықтың артта қалатыны сөзсіз. Бірлігі бекем елдің болашағы жарқын деген. Алла халқымызға сабырлық берсін!

Ғани Бұрханов,
Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы 
Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі.
 

Тағы да оқыңыз: