maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Жақында «AMANAT» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында тұрғындардың негізгі өтініші жұмыспен қамту мәселесі аясында болды. Жеке қабылдауында көтерілген мәселелермен толықтай танысқан бас дәрігер өтініштер аясында түсініктемелер беріп, алдағы уақытта заң аясында тиісті жұмыстар атқаратындығын жеткізді.

Осындай елдің мүддесін қаузап жүрген аудандық мәслихаты депутаты Күншығар Әбілов қоғамдық қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясының аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде халық қалаулысы тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдады.

Қабылдауға келген жас маман қазіргі таңда жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасап жатқандығын айтты. Ол тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін алға тартты. Ал, WhatsApp желісі арқылы өз өтінішін қалдырған қала тұрғыны Нарымбетов көшесінің аяқ-су және жол мәселесі бүгінгі күні өзекті екендігін жеткізіп, көкейіндегі мазалап жүрген сауалдарын жолдады. Келіп түскен өтініштермен мұқият танысқан мәслихат депутаты заң аясында жауап беріп, назарға алып шешілу жолдарын қарастыратындығын атап өтті.

Тағы да оқыңыз: