Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратының жанындағы жұмыс тобы отырысы өтті.

Күн тәртібінде «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын Қызылорда облысында жүзеге асырудың ісшаралар жоспарының» орындалуы бойынша аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Н. Сайымовтың баяндамасы тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, жоспарланған іс-шараларды тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Аудан әкімінің орынбасары экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтіп, жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, жұмыс тобы өз қызметін одан әрі жалғастырып, аудандағы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Тағы да оқыңыз: