Kyzylorda-news.kz.  Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik.

Ол тұрмыстық жанжал кезінде әйеліне қол жұмсағаны үшін жазаға тартылды.

"Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарауды аяқтады. Сот ұрып-соққаны үшін әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды", - деп жазды қалалық сот.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші сатылы сот Тұрлыхановқа әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған болатын.

Алайда сот бірінші сатылы соттың қаулысын жоққа шығарған. Өйткені экс-әнші бұған дейін де әйелін бірнеше рет соққан көрінеді.

"Әкімшілік істі қарау барысында сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Сот алқасының қаулысымен Р. Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді", - дейді ведомство.

Қаулы заңды күшіне енді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
 

Тағы да оқыңыз: