Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желіде вакцина паспортын көрсеткен жағдайда медициналық маска тақпай жүруге болатыны туралы ақпарат тарап кеткен. Осы ақпаратқа қатысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жауап берді.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық азамат вакцина салдырып-салдырмағанына қарамастан барлық талапты сақтауы тиіс. Ол – маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кездесуінде қазақстандықтардың 60% екпе алған жағдайда ғана маска режимін тоқтату мәселесін қарастыруға болады деген еді. Жалпы 14 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, елде 1 790 356 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: