Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен экономиканың нақты секторын қаржыландыру туралы мәжіліс отырысы өтті.
Мәжілісте өңірдегі кәсіпорындарды қаржыландырудың тиімді жолдары, инвестициялық жобаларды қолдау, шағын және орта бизнестің дамуына қажетті жағдай жасау мәселелері қозғалды. Бұл шаралар экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Аудан әкімі өз сөзінде осы маңызды мәселелермен қатар, көктемгі егістік жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру туралы да айтып өтті. Ол ауыл шаруашылығының дамуы үшін тиісті дайындық жұмыстарын жүргізу қажет екенін атап өтті. Ауданның ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлеріне егістік жұмыстарына қажетті техникалық ресурстар мен материалдарды уақытылы жеткізу және көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын бақылауда ұстау тапсырылды.
Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі