Kyzylorda-news.kz «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сырдария ауданы Іңкәрдария және Ақжарма елді мекендерінде тал егіліп, жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тал егу акциясына мекеме қызметкерлері, білім беру мекемелерінің өкілдері мен ауыл тұрғындары белсенді түрде атсалысты. Олар елді мекен аумағын, саябақтар мен көшелерді, тазартып, тал егу жұмыстарын жүргізді.
Елді мекеннің тазалығы мен әсем табиғаты ауыл тұрғындарының жанашырлығына байланысты. Сондықтан, барша сырдариялықтарды акцияға белсене атсалысуға шақырамыз.
Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі