Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы жанындағы Экология жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелерімен бірге экологтар, жергілікті сала мамандары қатысты.
Мәжілісті кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов жүргізіп отырды. Жиынға кеңес мүшелері С.Кужамбердиева, Ф.Қалиева, О.Айдаров, сарапшы-эколог Ә.Сағатқызы, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шамкенов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жансұлтанұлы қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет», – деген болатын.
Жиын барысында осы бағытта өңірде атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар АЭС салу мәселесі маңыздылығы талқыланды.
Сала мамандары экологиялық өндірістің кешенді жобаларын атап өтті. Оның ішінде күн тәртібіндегі АЭС құрылысын салу жайыда кеңінен тарқатылып айтылды. Кеңес қорытындысында бұл халық үшін қажетті шешім екеніне тоқталды.