Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанынан «WhatsApp» мессенджерінде «Эко-патруль Қызылорда» жобасы жұмыс істейді. 

Жобаның мақсаты аймақтың санитариялық тазалық жағдайына бақылау жасау және санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін орындарды анықтап, тазарту.   

«Эко-патруль Қызылорда» «WhatsApp» мессенджерінің +7 747 104 56 67 нөмірі арқылы жұмыс істейді.

Өңірдің санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтары туралы ақпараттар (видео - фото түсірілімдер мен нақты мекен-жайын) мен ұсыныстарыңызды (тек «Whatsapp» хабарламалар) жоғарыда көрсетілген нөмірге жолдауларыңызға болады. 

Қызылорда облысының таза, әрі көркейген жасыл өлкеге айналуына өз үлесіңді қос!

 

Тағы да оқыңыз: