Kyzylorda-news.kz. Бүгінде ауылшаруашылығын дамытуға мемлекет тарпынан жасалып жатқан қолдау жоғары. Әсіресе мал шаруашылғын дамытып асыл тұқымды ірі қара өсіруге деген жұрттың ықыласы ерекше. Түрлі бағдарламалар арқылы төмен пайызбен несиелер алып өз шараушылықтарын өрісті етіп отыр. Тиісінше аталған шараушылықтың дамуы ауылдықтардың кәсібін кеңейтіп берекесін кіргізіп отыр. Оған дәлел өткен жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 9 649,3 млн теңге болып, 106,6 пайызға өсен. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 5 869,0 млн теңге (102,6 пайыз), егін шаруашылығы бойынша 3 696,9 млн теңге (114,5 пайыз) болып отыр. Аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 58 468 бас мүйізді ірі қара, 99 306 бас қой мен ешкі, 43 634 бас жылқы, 35 480 бас түйе және 4 089 бас құс (тауық) бар. Осы малдарды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 108,0 пайызға, жылқы 111,8 пайызға, түйе 107,6 пайызға, құс 111,8 пайызға артса, қой мен ешкі 94,8 пайыз болды. Ауданда мал шаруашылығынан алынатын ет өндіру 3 584,6 тонна, сүт өндіру 8 063,2 тонна, жұмыртқа өндіру 103,1 мың дана.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлескен «Эко-Даму» несиелеу бағдарламасының екінші кезеңі басталды. Бағдарлама экологиялық таза кәсіпкерлік түрлерін қолдауға бағытталған және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жақын орналасқан ауыл тұрғындарына арналған. Бағдарлама ауылдық жерлерде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін және экожүйелерді сақтауға ықпал ететін жобаларды дамытуға бағытталған. Оған экотуризм, орман, балық, аңшылық, құс шаруашылығы, қоян шаруашылығы, ара шаруашылығы және жайылымдық жерлерді пайдалану жатады.
– Ауыл кәсіпкерлері бизнес-жобаларды дамытуға 6%-бен 5 жылға дейінгі мерзімге несие ала алады. Ауыл кәсіпкеріне ҚР Ұлттық Банкі белгілеген 100 айлық есептік көрсеткіштен 5400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде несие беру жоспарланған. Бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстардағы филиалына бару керек. «Эко-Даму» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі тең экономикалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, гендерлік теңдікті сақтау, – дейді аудандық кісіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлім статис маман Нұрлан Есенәлиев.
Маманның айтуынша бұл бағдарламада несие алушы әйелдерге басымдық беріледі екен. Сондай-ақ аталған бағдарламаға ерекше қорғалатын Барсакелмес табиғи қорығына жақын орналасқан Қаратерең, Жаңақұрылыс, Беларан, Бөген, Аманөткел, Қамыстыбас, Қосжар, Райым, Мергенсай, Жетес би ауылдық округ тұрғындары қатыса алады. Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша Бекбауыл ауылының тұрғыны кәсіпкер Тынайев Бақытжан жылқы шараушылығын дамытуға 4 миллион несие алған. Бүгінде кәсіпкердің шаруашылығы дамып келеді.
– Бұған дейін де кәсіппен айналысып жүрдім. Бірақ мұндай несие алып көрген емеспін. Маған бағдарламаның төмен пайызбен берілетіндігі және әлеуметтік статусының ескерілетіндігі ұнады. Яғни мен көпбалалы ата-ана болғандықтан көптеген жеңілдіктер қарастырылы. Бастапқыда кәсібімді дамыту үшін алты айға дейін несие төлемеуге болатын каникул берілді. Қазір төлем жасап бастадым. Мөлшерлемес аз болғандықтан несиені төлеу қиындық туғызып жатқан жоқ, - дейді кәсіпкер.
Ауылшаруашылық саласына деген мұндай қаржылай қолдау көрсететін бағдарламалардың ауыл халқының тұрмысын түзуге көрсететін септігі жоғары болып отыр. Өз кезегінде шалғайдағы ағайының қорасы малға толып, кәсіпкерлік көкжиегі кеңіді.