Kyzylorda-news.kz Атыраудағы екі мектепке жарылғыш зат қойылды деген ақпарат көпті алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет дереу тергеуге кіріскен.

"Ешқандай жарылғыш зат табылмады. Жалған хабар бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта қаладағы барлық мектептегі қауіпсіздік полицияның жіті бақылауында екені түсіндірілді.

Ведомство терроризм актісі туралы жалған ақпарат хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Ол үшін 5000 АЕК (17 250 000 теңге) айыппұл салу не түзеу жұмыстары, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Тағы да оқыңыз: