Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласына Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман бастаған делегация ресми сапармен келді. Сапар аясында меймандар Достық үйінде болып,оның қызметімен танысты.
Кездесу барысында шетелдік меймандарға Достық үйінің негізгі мақсат-міндеттері таныстырылып, өңірдегі қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық татулықты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Елші бастаған делегация этномәдени орталықтардың жұмысымен танысып, түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрін сақтауға жасалған жағдайларды оң бағалады.

