Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясының аудандық филиалында Қармақшы аудандық «Əйел-Аналар» кеңесiнiң мүшелерi 2022 жылдың қорытынды кездесуін ɵткiзiп, кеңестің атқарған жұмыстары бойынша талдау жасалды.

Келер жылға кеңестің алға қойған жоспарын талқылады.

Кездесуге қатысушы аналар, қыз-келіншектер, жалпы кеңес мүшелері қазiргi уақытта ɵзектi болып табылатын зорлық-зомбылық, отбасы мəселелерiне байланысты орамды ойларын айтып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Қармақшы аудандық аналар кеңесiнiң тɵрайымы, Тажігүл Әбенова барша аналар кеңесiнiң мүшелерiне отбасы құндылықтарын насихаттау мен оны қалыптастыру жолындағы үлестері үшін ризашылығын бiлдiрді.

Айта кетейік, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны жүріп, әртүрлі челлендждер ұйымдастырылуда.

Челлендждің мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жеке қасиеттерін қалыптастыру және дамыту, қазіргі заманғы отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жаңдай жасау, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және де жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру бойынша айтылды.
 

318887568_679192790322252_5853819958522228022_n.jpg

Тағы да оқыңыз: