Kyzylorda-news.kz. Техникалық жұмыстарға байланысты электронды үкіметтің веб-порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл туралы Egov.kz әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлады.

«22 шілде сағат 21:00-ден 23 шілде сағат 02:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта электронды үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін», - делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Тағы да оқыңыз: