Жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі» шаруа қожалығында болып, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылып жатқан егін шаруашылығы жұмыстарымен танысты.

🔷 Аталған қожалық биыл 10 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен картоп, қауын, қарбыз, сәбіз дақылдарын еккен. Қазіргі таңда егіннің шығымы жаман емс.

🔷 Соңғы 2-3 жылда шаруашылық күрішпен қатар көкөніс және бақша өнімдерін де өсіруді қолға алып, өнім түрлерін әртараптандыруға айрықша көңіл бөліп келеді. Себебі, жергілікті табиғи өнімдерге сұраныс жоғары.

🔷 Айта кету керек, ауданда соңғы жылдары күріш егістігімен қатар көкөніс пен бақша дақылдарын өсіру ісіне ерекше мән берілуде. «Ер-Әлі» шаруа қожалығы тегіс емес және тың жерлерді игере отырып, шетелден әкелінген заманауи тамшылатып суару технологиясын тиімді қолдану арқылы суды үнемдеп, жоғары өнім алуға еңбек етіп келеді.

🔷 Мәжіліс депутаты ауыл шаруашылығындағы осындай бастамаларға оң бағасын беріп, суды үнемдеу, жерді тиімді пайдалану және өнім көлемін ұлғайту бағытындағы жұмыстарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, тамшылатып суару технологиясы арқылы өңірде су тапшылығы жағдайында да тұрақты әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

@Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: