Kyzylorda-news.kz Жаңақорған ауданының әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Рүстем Рәбілұлы Ибрагимнің төрағалығымен «Е-өтініш» платформасы бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметшілердің «Е-өтініш» бірыңғай платформасы арқылы келіп түскен жолданымдарды қарау және өңдеу бойынша кәсіби құзреттерін дамыту.
Семинар барысында арнайы Қызылорда облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің жауапты мамандары Назира Ғабитқызы Ишанбек, Жұлдызай Орақбекқызы Махамбетқайыр және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бөлімінің аға прокуроры Мақсат Ерболатұлы Асанов баяндама жасап, заң талаптарына түсініктеме берілді.
Семинарда «Е-өтініш» АЖ арқылы мекемелерге келіп түсетін жолданымдарды қарау кезінде туындайтын мәселелер сонымен қатар, ҚР Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің ережелерін сақтаудың өзектілігі талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, жауапты қызметкерлерге «Е-өтініш» АЖ келіп түскен жолданымдарды қарау және қайта бағыттау мерзімдерін сақтау бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізу тапсырылды.
