Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін (Е-архив АЖ) пайдаланушыларға арналған орталықтандырылған онлайн оқыту жұмыстары жүргізілді.
Оқытуға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің, кент, қала және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, сондай-ақ аудандық мәслихат аппаратының ведомстволық архивтерге жауапты мамандары қатысты.
Оқыту барысында жүйені баптау және базалық анықтамалықтармен жұмыс істеу, ұйымдарда құжаттарды қалыптастыру, сараптау және бекіту, құжаттарды архивтер арасында беру, өтініш берушілерге қызмет көрсету, қажетті құжаттарды іздеу және есептілік қалыптастыру мәселелері қамтылды.
Оқытудың мақсаты – мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, электрондық құжат айналымын жетілдіру және архивтік құжаттармен жұмыс істеу тиімділігін арттыру.

