Kyzylorda-news.kz. 12 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Шараға еліміздің белсенді жастары қатысып, өз ойларын ортаға салды, өзекті мәселелерді талқылады.

Басты мәселелердің бірі – еліміздегі еріктілердің әрқайсысының өз бағыттары, жұмыс жасау жоспарлары туралы айтылды. Сонымен қатар өңірлерде фронт-офис ашу жоспарланды. Сондай-ақ еріктілерді заң тұрғысынан, білім саласы бойынша, жалпы жан-жақты қолдау көрсетілетіні де айтылды. Қоғамда қай салада болмасын еріктілерге жол ашық екенін де ескерілетін болады. Оған қоса, еріктілердің үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасауын қадағалау қажеттігі тапсырылды.

Айта кететіні, біздің ата-бабаларымыз кезінде айналысындағы жандарға көмегін көрсетіп, жақсылығы үшін ақы сұрамады. Олар қиыналған жандарға еш қайтарымсыз қолдау білдірді. Біз де осы ата-баба жолымен жүріп, олардың игі істерін жалғастыру мақсатында жұмыс жасайтын боламыз.  

Осы ретте, өзім жұмыс жасайтын «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық қозғалысы туралы айтып өтсем. Бұл ұйымның 15 жылдық тарихы бар. Біздің ұйым әркез қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Қазақстан студенттер Альянсы аймақтағы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, ондағы еріктілердің жұмысын дамыту бағытында үздіксіз қызмет етіп келеміз. Сонымен қатар пайдасы мол шаралармен де айналысудамыз. Алда мақсат көп.

Биыл еріктілер жылында өзіміздің жұмысымызды көрсетуге, сондай-ақ мемлекет басшысының сенімін ақтауға дайынбыз.

Дулат ТІЛЕУХАН,

«Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының

Қызылорда облысы бойынша төрағасы

Тағы да оқыңыз: