Kyzylorda-news.kz Тағы бір оқу жылы да өз мәресіне жетті. Жадыраған жаз да келді. Жаз айлары басталысымен білім беру мекемелері жанынан жазғы тынығу лагері ашылатыны белгілі. Бұл – оқушылардың демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізудің бірден-бір жолы. Осы орайда Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектеп жанынан «Балдырған» жазғы этно-лагері ашылды.

Оған Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Дәмелі Жалғасбаева, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова қатысып, балаларға жазғы демалыстарын көңілді, сәтті, қуанышты өткізуіне тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар мектеп ұжымы қатысушы қонақтарға жазғы тынығу лагері барысында мектеп ауласына киіз үй тігіліп, алты бақан, бес асық ұлттық ойындары және ұмыт қалған төл дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатындағы ата-әжелердің құрақ құрау, ұршық иіру, қамшы өру секілді рухани-тәрбиелік мәні бар әдет-ғұрыптар көрсетіп, жазғы лагердің мақсат-міндетін айқындады.

Тағы да оқыңыз: