Kyzylorda-news.kz. Дүйсенбі елімізде қар немесе жаубыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік пен шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

 «Дүйсенбі, 10 ақпанда Қазақстан территориясының басым бөлігі терең циклон жырасының әсерінде болады, сонымен байланысты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын сақталады», делінген болжамда.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және аса күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді, кейде одан да асып кетеді.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшейіп 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде жел күшеіп, жылдамдығы 18 м/с жетуі үмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Тағы да оқыңыз: