Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

22.11.2021, 9:00

307 0

Kyzylorda-news.kz. Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты 22 қараша күні елімізде жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстікте қарлы бұрқасын көтеріледі.

Республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте – шаңды дауыл, батыста және оңтүстік-шығыста – тұман түседі.

Ақмола облысында бұрқасын мен көктайғақ болады, жел қарқыны – 15-20 м/с, солтүстікте, шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Желдің күші – 23-28 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстігінде, батысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында солтүстікте тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел қарқыны – 25 м/с.

Алматы облысында Алакөл көлдерінің ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысында солтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстік-шығысында жел қарқыны15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болады, жел екпіні – 15-20 м/с.

Атырау облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

0

Пікір қалдыру