Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 25 қарашаға арналған ауа райы болжамы.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауады, тек еліміздің батыс бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: