Kyzylorda-news.kz.  Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталдық бөліктердің әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады.

“Кей жерде жаңбырмен бірге найзағай болады, республиканың батысында бұршақ жаууы мүмкін, тек республиканың қиыр солтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, дауыл, шаңды дауыл, солтүстікте тұман түседі”, – дейді синоптик мамандар.

Қызылорда облысының кей жерінде күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Тағы да оқыңыз: