Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында Корея Республикасынан келген делегацияның қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өзара тәжірибе алмасу және алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесуден кейін қатысушылар назарына «Тәуелсіздік әскері» көркем фильмі ұсынылды. Бұл туынды Корея халқының азаттығы жолында күрескен әйгілі генерал Хон Бом Доның ерлік өмірін арқау етеді. Фильм көрерменге терең әсер қалдырып, тәуелсіздік пен бірліктің қымбат құндылық екенін айшықтай түсті.

Кездесудің мазмұны мен көрсетілген фильмнің идеясы қос ел арасындағы тарихи байланыс пен рухани жақындықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Фото pexels

Тағы да оқыңыз: