Kyzylorda-news.kz. Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 444-449 теңгені құраған.
Kurs.kz таратқан мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444– 448 теңгеден сатылуда.
Ал Алматыда доллар бағасы 445,5-449 теңгенің аралығында құбылып тұр дейді мамандар.
4 шілде күнінің кешінде өткен сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 1,59 теңгеге төмендеп, 446,60 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,79 теңге, Ресей рублі үшін – 4,99 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,97 – 5,23 теңге аралығында, Астанада 4,96 - 5,06 теңге аралығында ұсынылып жатыр.