Kyzylorda-news.kz. «ҚазМұнайГаз» басшысы мен Энергетика вице-министріне қатаң сөгіс жарияланды.

Отын тұтынудың айтарлықтай өсуі және көрші елдерге дизель отынының жіберілуі жанармайдың жетіспеушілігіне әсер еткен. Сондай-ақ отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек сауда құнынан жоғары бағамен сатқан.

Үкімет уақытында тиісті шаралар қабылдамағаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы М.Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі А.Мағауовқа қатаң сөгіс жариялады. Сонымен қатар тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, Энергетика министрлігі мен ҚазМұнайГаз компаниясының бірқатар жауапты қызметкерімен еңбек қатынастары бұзылды.

Бұл мәселе – Үкіметтің ерекше бақылауында.

Тағы да оқыңыз: