Kyzylorda-news.kz. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша Шиелі ауданына 4 млн. 375 мың теңгеден 97 маманға қаржы бөлінді. Бұл туралы аудан әкімі Нариман Мақұлбеков мәлімдеді.

Қазіргі таңда бұл 100-ге жуық маманның барлығына 424 млн. 424 мың  теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында 64 маманға 280 млн. 33 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие түріндегі әлеуметтiк қолдау шаралары көрсетілді.

Ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасуға және сонда тұрақтауға келген мамандарға көтерме жәрдемақыға –  6 878 мың теңге бөлініп отыр.

Жалпы аталған бағдарлама бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда аудан бойынша бюджеттік несие алу үшін – 103 маман, көтерме жәрдемақы алу үшін – 517 маман кезекте тұр.

Тағы да оқыңыз: