Kyzylorda-news.kz. «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі, журналист-теолог Салтан Сәкен Сайранұлының  қатысуымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен  «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті.

Діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатын көздеген іс-шараға 30-ға жуық сотталған азаматтар  қатысты. 

Діни радика¬лизм – қоғам үшін өте қауіыпті құбылыс. Радикалдық ұстаным тек қазақ елі үшін ғана емес әлем үшін де әрдайым қауіпті. Себебі өзге адамның діни сеніміне күшпен ену арқылы жол табу бейкүнә адамдардың өмірін қиюға алып келуі мүмкін. Ал бұл адамзат алдында кешірілмес қылмыс. Өзге адамдардың діни құлшылығын мансұқтап, тек меніңкі ғана дұрыс жол деген жаңсақ пікірден сақ болуымыз керек, − дейді теолог Сәкен Сайранұлы.
Дін туралы, діни радикализм туралы  маңызды пікірлер айтып, нақты ақпараттар берілген жиынға қатысушылар өз кезегінде алғыстарын білдірді.

 – Бүгінгі кездесуде діни танымдық уағыздар тыңдап, керемет әсер алдық. Өз сауалымды да  қойып, теолог тарапынан тұшымды жауаптар берілді. Барлығын қарапайым тілде өмірмен байланыстыра отырып түсіндірді. Осы іс- шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысымыз шексіз, – дейді сотталған азамат.

 Жиын соңында қатысушы жазасын өтеушілер өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, пікір алмасып,  сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
 

Тағы да оқыңыз: