Kyzylorda-news.kz «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында сала мамандарын тарта отырып Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектебінің оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында орталықтың аға кеңесшісі А.Ердаулетов тақырып аясында сөз қозғап және сала мамандары РФ қарасты жастар саясаты бөлімінің бас маманы А.Алехина, РФ ІІМ өкілдігінің жасөспірімдер ісі инспекторы Р.Арсланов және ҚР ІІМ Байқоңыр қалалық өкілдігінің жасөспірімдер ісі инспекторы Е.Баймағанбетов толықтай ақпараттармен бөлісіп, видеоролик көрсетілді.
− Бүгінгі жастар үнемі ізденіске, таным процесіне құштар келеміз. Осындай сәттерде ата-ана ести алмаған жауаптарды, ақпараттарды адам ұялы телефон арқылы ғаламтордан табады. Осындай сәттерде интернет беттерінде пайдалы ақпараттан бөлек зиянды, деструктивті ақпараттар да бар екенін ескерген жөн. Осы тұрғыда жастарды діни білім алуда абай болуға шақырамын, − деді «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің аға кеңесшісі А.Ердаулетов.
Жиын соңында сала мамандары жастарға діни білім алудағы басты қателіктер жөнінде сөз қозғап, тиісті мекемелерге жүгінуге кеңес берсе, ал жастар тарапы өз сұрақтарына тұшымды жауап алып, еркін пікір алмасумен аяқталды.

