Kyzylorda-news.kz. Қызылордада өткен оқу жылының басынан бастап мектеп жасындағы балалар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1132 жағдайы тіркелсе, студенттер арасында 47 жағдай анықталған.

Осы орайда Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова жаңа оқу жылында санитарлық талаптардың сақталуы маңызды екенін айтты.

«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл мектептерде оқу процесі күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып ұйымдастырылатын болады. Коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданды. Мәселен облыстың барлық оқу орындары «Ashyq» жобасына қосылды, мұғалімдер вакцина алуда, мектептер қорғаныш құралдарымен жабдықталған. Білім беру нысандарында педагогтар, персонал және білім алушылар күнделікті «кіру» сүзгісімен қамтамасыз етіледі. Оқу маусымында орта білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және жатақханалардың жұмысына қойылған талаптардың орындалуы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қатаң бақылауында болады», – деді Динара Олжабайқызы.

Тағы да оқыңыз: