Фото: newsroom.kz

Kyzylorda-news.kz. Тележүргізуші бұл ақпаратты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Студияда 1500 сағат, 600 бағдарлама, 13 жыл өмір. Осымен Астарлы ақиқатты жүргізуді тоқтатып жатқанымды жеткіземін. Мен сепарация туралы жиі айтамын. Бұл тек балаларымызға ғана емес, туындыларымызға да қатысты. Тұла бойы тұңғышыма айналған Астарлы ақиқат өз анасын күлімсіретті, көкке көтерді, кейді күрсіндірді де. Бастысы - біз екеуміз жылағанның жасын сүрттік, құлағынды қолтығынан демедік, тарпаң тағдырдан тарыққандарға жол ашуға тырыстық. Әр нәрсенің өз орны, өз уақыты болады. Осыдан тура 13 жыл бұрын 2011 жылдың 18-қыркүйегінде 27 жастағы Динаға эфир тізгіні бұйырғанда, мен бағдарламаға жан бітіріп, жалпыұлтттық деңгейге жеткіземін деп ойламаған едім. Бірақ, сіздер мені өз отбасыңыздың мүшесі ретінде қабылдап, күнде кешкісін менімен бірге болдыңыздар. Рақмет, сіздерге! Эфирмен қоштасуымды қарыштауға қадам деп, тілекші болыңыз", - деді Дина Төлепберген.

Желі қолданушылары журналистің бұл жаңалығын үлкен таңданыспен қабылдауда.

"Неге тоқтатасыз?", "Енді не көреміз, Динажан", "Неге, одан да қосылайық жабылсын да", "Аман болыңыз", "Неге, сіз керемет жүргізесіз", "Ең жақсы жүргізуші", "Астарлы ақиқат жабылып жатыр ма", "Енді не көреміз біз", "Халыққа керек жоба еді", - деп жазды олар.

Тағы да оқыңыз: