Kyzylorda-news.kz Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дін және тарих» тақырыбында жергілікті мешіт жамағаттары арасында интеллектуалды сайыс өтті.

Білім сайысына 100-ден астам адам қатысты. Олар зияткерлік сайыстың «Логикалық сұрақтар», «Ислам және ғылым тарихы», «Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр», «Алаштықтар аңсаған күн» және «Қазақстандағы жер атаулары» атты 5 кезеңінде түрлі тақырыптағы сауалдарға жауап беріп, өздерінің ой зеректігі мен білім деңгейлерін сынады.

Тартысты өткен сайыс нәтижесінде, әділ қазылар алқасының анықтауымен 15 топ арасынан «Алдажар Жәме» мешітінің командасы бас жүлдені иеленді.

Ал, жүлделі I орынды «Мақтұм сейіт» мешітінің жамағаты алса, II орынды Қарауылтөбе ауылдық округі мешітінің командасы еншіледі.

«Қалмұхаммед Ишан» және «Ыбырайым молда» мешіттерінің жамағатына III орын бұйырса, IV орынға «Әл Уали» және ««Ерназар Мақсұм» мешіттерінің командалары тұрақтады.

Сайыс соңында жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Жалпы, мұндай сипаттағы іс-шараның мақсаты мешіт жамағаты арасындағы бірлікті нығайту және білімнің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

Тағы да оқыңыз: