Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшының 2022 жылғы 21 маусымдағы бұйрығымен Ахметов Нұрболат Серікбайұлы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

Нұрболат Серікбайұлы 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Қостанай облысы, Қамысты ауылы, Дружба совхозында эксплуатация инженері болып бастаған. 1991-1992 жж. – Қызылорда қаласы ЦКЗ №12 Өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі;1992-2013 жж. – Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасында басшылық қызметтерді атқарған.

2013 жылдың мамыр айынан ҚР ІІМ-нің құрметті зейнеткері. 2014 жылғы 12 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Мониторинг-талдау, ұйымдастыру және жоспарлау» бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Тағы да оқыңыз: