Kyzylorda-news.kz. Облыстық дін істері басқармасының «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағытында діни ортада кездесулер өткізу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында аймақтағы жастар арасында кездесу өтті.

Бұл кездесуді Қызылорда облысының дін істері басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Аталған шараға республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі,  Ғылыми-стратегиялық зерттеу орталығының директоры, «Kazislam» ақпараттық-танымдық интернет-порталының үйлестірушісі  Жарас Ахан қатысып, діни экстремизмнен жастарды идеологиялық қорғау және жастардың  қоғамда дін жолында адасудан сақтау бойынша кеңіненақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, кездесу барысында жастар тарапынан қойылған діни бағыттағы сұрақтарға спикер жан-жақты жауап берді.

Тағы да оқыңыз: