Kyzylorda-news.kz. Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлы facebook парақшасында жазды.

"Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай", - деді ол.

Айта кетейік,  мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа "Ерен еңбегі үшін" медалі 2019 жылы берілген болатын. 

screenshot-www.facebook.com-2023.06.13-11_41_10.jpg

Тағы да оқыңыз: