Kyzylorda-news.kz. Нью-Йорктағы танымал қазақ полицейі Димаш Ниязов әлемдік бокс кеңесінен «Hero of the World award», яғни «Әлем батыры» атағын алды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

WBC ұжымына алғысын білдірген Димаш өзін «батыр» деп бағалаған оқырмандарына алғыс айтты.

«Дүниежүзілік бокс кеңесінің «Әлем батыры» марапатына ие болдым. WBC-ге және мені батыр ретінде таныған адамдарға рахмет. Мен бар ынта-жігеріммен жұмыс істеуді және жастарға үлгі болуды жалғастыра беремін. Мен бұны бағалаймын!, – деп жазды Димаш Ниязов.

Aikyn.kz

Тағы да оқыңыз: