Диетолог құлпынайдың зиян екенін айтты – Kyzylorda News
Басты бет

Диетолог құлпынайдың зиян екенін айтты

29.05.2021, 16:00

836 0

Kyzylorda-news.kz. Ресейлік диетолог Ольга Кораблева кейбір адамдар үшін құлпынайдың зиян екенін айтты.

Оның айтуынша, құлпынай тамақ аллергиясын тудыруы мүмкін, әсіресе егер адамда асқазан-ішек жолдары проблемасы болса.

«Ауыр жағдайларда анафилактикалық шок алуы да ықтимал», — деді Кораблева.

Маман балада аллергия болмауы үшін емізетін аналар мен жүкті әйелдерге құлпынай жемеуге кеңес берді. Балаларға да бұл жидекті бермеген дұрыс.

Ольга Кораблева құлпынайдан ауыр гастрит пен асқазан жарасы да пайда болатынын атап өтті. Өйткені, оның құрамында оксал қышқылы бар, деп түсіндіреді Кораблева.

Құлпынайды аш қарынға жеу де зиянды. Себебі, ол өте қышқыл жидек.

Диетолог құлпынайды негізгі тамақтан кейін десерт ретінде жеуді ұсынды.

Stan.kz

0

Пікір қалдыру