Диетолог минералды суды артық тұтынудың қаупін атады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Диетолог минералды суды артық тұтынудың қаупін атады

05.07.2020, 14:00

578 0

Kyzylorda-news.kz. Минералды судың ағзаға пайдалы екені белгілі, өйткені оның құрамында ағзаға қажетті микроэлементтер бар. Бірақ оны шамадан тыс тұтыну денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы диетолог Светлана Соломеина айтты, деп хабарлайды 24 kz.

Маман минералды судың шаршағанды басатынын және ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіретінін, алайда ол минералдануы 1 г/л аспайтын ас суы немесе 4-5 г/л концентрациясы бар дәрілік-ас суына қатысты екенін айтты.

«Сондай-ақ бір ішкенде 200 мл-ден аспайтын бір стақан су ішуге болады. Әйтпесе, бүйрек пен жүрекке қосымша салмақ түседі», – деді маман.

Айтуынша, мұндай суды көп мөлшерде үнемі ішу гастриттің пайда болу қаупін тудырады. Сондықтан сарапшы минералды суды күніне 2 литрден асырмай ішуге кеңес берді.

0

Пікір қалдыру